Экономика

Еліміздің әуе кеңістігінде бір күнде жоспарланбаған 257 рейс орындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның авиатасымал және логистика секторы Украинадағы жағдай мен Ресейге қарсы енгізілген санкцияларға байланысты өзгереді.

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты әуе қозғалысының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына жіберілген.

Алайда ақпан қорытындысы бойынша елімізде жолаушыларға көрсетілетін әуе қызметінің бағасы жылдық динамикада 17,7%-ке өсті. Елдің көптеген аймағында баға айтарлықтай қымбаттады.

Мысалы Шығыс Қазақстан облысында баға бір жылда бірден 45,7%-ке өсті. Үштік қатарында Маңғыстау облысы (43,2%-ке) және Түркістан облысы (34,8%-ке) бар. Алайда баға өзгермеген өңірлер де бар: Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы. Павлодар мен Жамбыл облыстарында баға 14,2% және 22,2%-ке төмендеді.

-->

Бір тәулік ішінде еліміздің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалды. Еуропадан Қытайға және оңтүстік-шығыс Азияға оңтүстік бағыт бойынша рейстер санының артуы айына Қазақстанға 1,5 миллион доллар қосымша табыс әкеледі, - деп хабарлады мамандар.