Қазақстанға еттің көп бөлігі АҚШ-тан импортталады
Былтыр осы салаладағы транзакциялардың жалпы көлемі 81,8 млн долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10%-ға дерлік аз.
Екінші орында Ресей тұр. Былтыр аталған елден импорт 69,4 млн долларды құрап, бір жыл ішінде 14,2%-ға өсті.
Үшінші орында Беларусь (61,4 млн доллар, -11,9%). Тағы бір негізгі жеткізуші – Украина - 32,5 млн доллар, аталған елден импорттың жылдық өсімі 10,5%-ды құрады.
Орталық Азиядағы Қазақстанға ет сататын жалғыз ел – Қырғызстан. Бірақ көрші мемлекеттен импорт көлемі мардымсыз. Мәселен, бір жыл ішінде импорттық өнімнің жалпы құны шамамен 800 долларды құрады.
-->Былтыр осы салаладағы транзакциялардың жалпы көлемі 81,8 млн долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10%-ға дерлік аз.