Экономика

ЕАЭО мүшелерінің экономикалық ықпалына бағалау жүргізу қажет – Әлихан Смайылов

-->

ЕАЭО қызметінің нәтижелеріне жұртшылықтың жіті назарының артуы жағдайында бірлестіктің тиімділігіне, атап айтқанда оның мүшелерінің экономикалық ықпалына бағалау жүргізу қажет. Нәтижелері қабылданатын құжаттардың санымен емес, нақты, тікелей және есептелінетін көрсеткіштермен өлшенуі тиіс. Қазіргі уақытта комиссия бизнеске арналған шешімдерге жобалардың реттеушілік әсерін бағалау жүргізіп жатыр. Алайда, ол негізінен шешімдердің бизнес конъюктураға әсерін сандық бағалауды қарастырмайды, - деді Ә. Смайылов еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында.