Экономика

«Самұрық-Қазына» сатып алулардың жаңа әдістемесін әзірледі

Маңызды өзгерістердің бірі ретінде бір көзден сатып алуға негіз болатын факторларды барынша азайтуды атап өтуге болады. Бұдан бөлек, холдинг ішінде сатып алуларды толығымен алып тастау көзделіп отыр.

-->

«Самұрық-Қазынаның» сатып алуларын жүзеге асырудың жаңа тәртібін қоғаммен талқылау үшін құжаттың жобасы ресми веб-сайтта жарияланды. Бұл бастама Қордың компаниялар тобында сатып алулар үдерісін ашық, жариялы түрде әрі қолжетімді ету үшін іске асырылуда. ҚР Қаржы министрлігінің ұсынысымен, сатып алулардың жаңа тәртібінің жобасы сатып алулардың барлық процедураларын қамтиды, өзге құжаттарға сілтемесі жоқ. Демек, тікелей қолданылатын құжат болып саналады, - делінген қор мәліметінде.

Маңызды өзгерістердің бірі ретінде бір көзден сатып алуға негіз болатын факторларды барынша азайтуды атап өтуге болады. Бұдан бөлек, холдинг ішінде сатып алуларды толығымен алып тастау көзделіп отыр.