Экономика

Сұйытылған газ бағасын көтермес үшін арнайы ережелер дайындалуда – министр

-->

Болашақта тұтынушылардың көлемі өстетін болса, бізге газ қажет болады. Қазір «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса, жаңа газ зауыты  салынады деген жоспар бар. Келер жылы іске қосылады. Қазір газдың 50 теңге деп бекітілген бағасы өте төмен. Бұл ретте, тұтынушылармен қатар, газ өңдейтін зауыттардың экономикалық тиімділігін ойлау керек. Бағаны көтермес үшін арнайы ережелер дайындап жатырмыз. Бекітілген бағадан жоғары сома қойып сатып жатқандар болса, оны анықтаймыз, – деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.