Сенатор: «Құмар ойын ойнайтын әр қазақстандықтың орташа қарызы – 10 млн теңге»
Сенатордың мәліметінше, Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 350 мыңнан асады, ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңге шамасында.
-->«Жарнама туралы» қолданыстағы заңға сәйкес казино мен интернет-казино қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ букмекерлік кеңселердің қызметтерін жарнамалауға тікелей тыйым жоқ. Сондықтан мұндай компаниялардың жарнамалары интернетте агрессивті түрде алға жылжып барады. Осы фактіні ескере отырып, букмекерлік компанияларды жарнамалауға толық тыйым салу бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет, – деді Д. Нұржігітова.
Сенатордың мәліметінше, Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 350 мыңнан асады, ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңге шамасында.
Жасы 18-ге толған кез келген азаматқа, табысына қарамастан, мобильді қосымшалармен несие беріледі. Мұндай қолжетімді несиелер құмар ойындардың төлемдеріне де жұмсалады. Банк алдында берешегі бар, құмар ойынның жетегінде жүрген 18-27 жас аралығындағы азаматтар әскерге барады. Бұл кезде несиенің пайызы өсе береді, – дейді ол.