2021 жылы салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда 25,3% немесе 2 163,1 млрд теңгеге өсті.
Оның ішінде:
- Республикалық бюджет 102,1% орындалды, 2020 жылмен салыстырғанда 26,6% немесе 1 482,1 млрд теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджет 106,8% орындалды, 2020 жылмен салыстырғанда 22,8% немесе 681,0 млрд теңгеге өсті.
Ал 2021 жылы онлайн бақылау-касса машиналарынан бір салық төлеушіден орташа түсім 16,6 пайызға артқан.
-->ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда 25,3% немесе 2 163,1 млрд теңгеге өсті.
Оның ішінде:
- Республикалық бюджет 102,1% орындалды, 2020 жылмен салыстырғанда 26,6% немесе 1 482,1 млрд теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджет 106,8% орындалды, 2020 жылмен салыстырғанда 22,8% немесе 681,0 млрд теңгеге өсті.
2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 533,7 млрд теңгеге немесе 34,2%, экспорттық кеден баждары бойынша 441,0 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 235,8 млрд теңгеге немесе 34,7%, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 149,3 млрд теңгеге немесе 23,1% және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 116,8 млрд теңгеге немесе 35,1% байқалады, - делінген хабарламада.
Ал 2021 жылы онлайн бақылау-касса машиналарынан бір салық төлеушіден орташа түсім 16,6 пайызға артқан.