Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
-->Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап «Әзербайжан Хава Йоллары» атты әзербайжандық әуекомпаниясы Ақтау мен Баку қалалары арасында тұрақты рейстерді A319 типті әуе кемесінде аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр, – деп хабарлады Азаматтық авиация.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.