Сұйытылған газ бағасының күрт өсуін шектейтін шаралар енгізіледі – Энергетика министрі
-->
Қысқа мерзімді іс-шаралар ретінде осы жылғы қаңтар айының соңына дейін Үкіметке сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуін шектейтін ашықтық қағидаттары мен тетіктерді енгізуді ескере отырып, электрондық сауда алаңы/тауар биржалары арқылы сұйытылған газ сауда-саттығын одан әрі жетілдіру жөнінде кешенді іс-шаралар енгізілетін болады. Үкіметпен келісілгеннен кейін бұл іс-шаралар нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу түрінде ресімделеді, - деді министр Үкімет отырысында.