Елімізде азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты 2 мыңнан астам шағым түскен
-->
Тауарлар мен қызметтерді қымбаттау дерегін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар алу үшін сенім телефоны құрылды. Бүгінде агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан аса өтінім түсті, оның 50 пайызға жуығы Алматы қаласы тұрғындарынан, 30 пайызы - Нұр-Сұлтан тұрғындары, 20 пайызы басқа өңір тұрғындарынан. Сонымен қатар, 70 пайызы - әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын көтеру дерегіне байланысты. Көп жағдайда тауарлар бағасын бөлшек саудада 15 пайыздық сауда үстемесіне сай келмейтіндей шарықтатып жібереді, - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.