Экономика

Бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін 1 млрд теңгеге жуық қаржы жиналды

Аталған қорды қазақстандық кәсіпкерлер құрды. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтың сөзінше, барлық қаржы операциясы цифрландырылып, жұртқа жарияланып отырады. Ал 30 кәсіпкерден тұратын арнайы комиссия ақшаның бөлінуін мұқият қадағалайды. Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты. Соңғы мәліметтер бойынша, бір жарым мыңнан астам кәсіпкер шығынға батты.

-->

Зардап шеккен кәсіпкерлер infokazakhstan.kz сайтына кіріп, өтініш қалдыра алады. Онда келген шығын ауқымы мен көлемін фото және видео деректер арқылы тіркеу керек. Қорға түскен қаражат арнайы комиссияның шешімінен кейін бөлінеді, – деді М. Барышев.