Экономика

Депозиттер бойынша кепілдік берілген максималды сома 20 млн теңгеге дейін ұлғайды

Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына енгізілді және 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес бір банкте түрі мен валютасына қарай жинақ салымы және басқа да депозиттері бар салымшылар үшін ҚДКБҚ-ның жиынтық кепілдік берілген максималды сомасы да өседі. Бұл жағдайда жиынтық кепілдік берілген максималды сома 20 млн теңгені құрайды.   

Кепілдік берілген максималды соманың өсуіне байланысты ҚДКБҚ салымшылардың да, мемлекеттік бюджеттің де шығынға ұшырамайтындығын атап өтеді: өтем сомасы жинақтау негізінде қалыптасатын арнайы резервтің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қазақстанда ислам банктерінен басқа, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға және жүргізуге лицензия алған барлық банктер міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысады.

Осылайша барша қазақстандықтардың екінші деңгейдегі банктердегі ақшалары жоғарыда көрсетілген лимиттер шегінде ҚДКБҚ қорғауына алынған.

-->

Қазіргі уақытта жинақталған арнайы резервтің көлемі ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%-ын есепке ала отырып, 847 млрд теңгені құрайды. Арнайы резервтің бұл деңгейі заңнамалық тұрғыда бекітілген 5%-дық межеден жоғары және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келеді, - делінген хабарламада.