Экономика

Президент Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды

Сондай-ақ Тоқаев мемлекеттің әлеуметтік саясаты осы құжаттың аясында пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып бейімделуі керек екенін айтты.

Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық келісімнің негізгі элементіне айналуға тиіс, - деді Президент Парламент Мәжілісінің отырысында.

-->

Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтардың нақты санын анықтау керек. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тасырамын. Үкіметке Әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз ету қажет, - деді Президент.