Жаңа жылдан кейін азық-түлік бағасы тағы қымбаттай ма
Агенттік төрағасы індет бітпей, азық-түлік құнының өсуін тоқтата алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, отандық өнімдердің қымбаттауына теміржол қатынасы, жанар-жағармай, жарықтың қымбаттауы сияқты факторлар әсер етіп жатыр. Бірақ кейде бағаны негізсіз көтеретіндер де болады, оларға айыппұл салынатынын айтты.
-->Агенттік төрағасы індет бітпей, азық-түлік құнының өсуін тоқтата алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, отандық өнімдердің қымбаттауына теміржол қатынасы, жанар-жағармай, жарықтың қымбаттауы сияқты факторлар әсер етіп жатыр. Бірақ кейде бағаны негізсіз көтеретіндер де болады, оларға айыппұл салынатынын айтты.
Індет аяқталмай, әрине, бағаның өсуін тоқтата алмаймыз. Себебі, оның басты негізі – логистикалық жүйелеріміз, байланыстарымыз үзіліп кетті. Сол себепті, қазіргі уақытта әрбір ұлт өзінің протекционизм саясатын жүзеге асырып, өз мемлекетін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр. Бай мемлекеттер бағаға қарамайды. Оларға тек тауардың болуы тапшы болмаса болды, – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.