Экономика

Зейнетақы жинағынан алынған ең үлкен сома 162 млн теңге болған

Оның айтуынша, биыл зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін баспана сатып алу көрсеткіші күрт өсті. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы да көтерілді.

Банк басшысы зейнетақы жинағы есебінен 17 миллион теңгеге тісін емдеткен салымшы туралы да айтты.

-->

"Бұл премиум-класқа жататын баспана болуы керек. Ал ең аз мәміленің сомасы миллион теңгенің шамасында болды. Оны ауылды жерде немесе аудан орталығында пайдаланған секілді", – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, биыл зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін баспана сатып алу көрсеткіші күрт өсті. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы да көтерілді.

"2021 жылы сату-сатып алу келісімшарттарының саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Осы күнге дейін ипотекасыз 179 192 мәміле жасалды. Адамдар кредит алмай, үйді толығымен сатып алды", – деп атап өтті Ибрагимова.

Банк басшысы зейнетақы жинағы есебінен 17 миллион теңгеге тісін емдеткен салымшы туралы да айтты.

"Ондайда клиникамен жасалған келісімшарт пен төленетін шотты ұсыну қажет. Имплантация қымбат болады. Швейцариялық немесе израильдік имплант бар. Сосын 18-19 имплант қойса, 17 миллион теңгенің есепшоты шығуы әбден мүмкін. Банк тіс пен импланттың санын тексере алмайды. Сондықтан салымшыға сенуге тура келеді", - дейді Ибрагимова.