Экономика

Қазақстанда құрылысшылардың жалақысы 33%-ға өсті

2020 жылдың сәйкес кезеңінде секторда жұмыспен қамтылғандар саны 621,8 мың адамды құрады (-3,1%). 

Өңірлік тұрғыда салада жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі елордада тіркелген: 74,7 мың адам (+ жылына 11,3%). Алматы мен Түркістан облысы да жетекші өңірлердің үштігінде. Құрылыста жұмыспен қамтылғандардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 11,2 мың адам (- 2,9%). 

Құрылыста жұмыспен қамтылғандар санының ең көп өсімі Шығыс Қазақстан облысында (25,3%-ға, 34,1 мың адамға дейін), ең көп төмендеуі – Қарағанды ​​облысында (7,6%-ға, 35,9 мың адамға) байқалды.

Қазақстанның құрылыс саласында кадр тапшылығы қатты байқалады.

2020 жылмен салыстырғанда биыл нарықтағы бос жұмыс орындарының саны 53%-ға артқан. Негізгі жұмыс іздеу жүйелерінің хабарлауынша, бұл елдегі жылжымайтын мүлікке сұраныстың артуына байланысты.

Құрылыс саласында еңбек ететіндердің орташа айлық атаулы жалақысы биылғы үшінші тоқсанда 314,3 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 32,5%-ға артық. Саладағы жалақының нақты өсімі жылына 21,9%-ды құрады.

Ең жоғары орташа айлық жалақыны Атырау облысындағы мамандар алады: 465,4 мың теңге (+ 44,3%). Маңғыстау облысы мен елорданың құрылысшылары да жоғары жалақы алады. Үздік үш аймақта ғана жалақы республикалық деңгейден жоғары.

Ең аз жалақыны Қызылорда облысының мамандары алады: бар болғаны 166,8 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 11,8%-ға артық.

-->