Тағы бір ірі майнингтік компания Қазақстаннан кетті
Басылым Қазақстан ішінара крипто-майнерлердің елге келуіне байланысты, сонымен қатар энергетикалық инфрақұрылымға қатысты бұрыннан бар проблемаларға байланысты электр қуатының тапшылығына тап болып отырғанын жазады.
Financial Times мәліметінше, Қытайдан көшкен BitFuFu-ның Қазақстанда 80 000 қондырғысы бар. Бірақ компанияның өзі бұл дерекке қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
BitFuFu өкілі компания өз қондырғыларын Қазақстанда сатуға тырысуы мүмкін екенін, бірақ әлі шешім қабылдамағанын айтты.
Айта кетейік, BitFuFu – пайдаланушыларға жабдықсыз-ақ майнинг жұмыстарына инвестициялауға мүмкіндік беретін платформа. Бұдан бұрын қуат тапшылығына байланысты Xive компаниясы Қазақстанда бөлімін жапқан.
-->Басылым Қазақстан ішінара крипто-майнерлердің елге келуіне байланысты, сонымен қатар энергетикалық инфрақұрылымға қатысты бұрыннан бар проблемаларға байланысты электр қуатының тапшылығына тап болып отырғанын жазады.
"Ұлттық желі операторы қыркүйекте криптовалюта өндірушілері үшін электр қуатын шектеуге көшті. Қарашада Энергетика министрлігі үкіметтің заңды майнерлерге электр қуатын шектемейтініне кепілдік берді. Бірақ талаптар бекітілген жоқ", – деп жазады coindesk.com.