Экономика

Микроқаржы ұйымдары 275 млрд теңгеге байыды

Қазіргі таңда «МҚҚЖҰ» активтері банк секторындағы жиынтық активтердің 3,7%-ын құрайды. Бұл активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына (714,7 млрд теңге немесе 47,6%), кредиттік серіктестіктерге (579,5 млрд теңге немесе 38,6%) және ломбардтарға (206,6 млрд теңге немесе 13,8%) тиесілі.

Активтер құрылымындағы ең үлкен үлесті берілген микрокредиттер құрайды. Яғни, 1,29 трлн теңге немесе активтердің жалпы сомасының 85,7%-ы.  Осы көрсеткіш бойынша тоқсан ішінде өсім 5,8% болса, 2021 жылдың басынан бері – 23,9%-ға жетті.

2021 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша «МҚҚЖҰ»-ның жалпы несие портфелі 1,32 трлн теңгені құрап, бір тоқсанда 7,8%-ға, ал жыл басынан 27,8%-ға артты. Бұл сектордың барлық сегменттерінде жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуіне байланысты болған.

Қазан айында қаржы және микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1 578 өтініші  қаралған. Бұл кезеңде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органға келіп түскен өтініштер саны 14%-ға өсті.

Өтініштердің ең көп үлесі, яғни 58 пайызы банк секторына тиесілі. Агенттік өкілдері 1,77 млн теңгені құрайтын 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 2 жазбаша ұйғарым және 11 әкімшілік жаза қолданды.

-->