Әлемдегі ең қымбат қала анықталды
Мегаполис осы рейтингте алғаш рет бірінші орынға шықты. Былтыр Тель-Авив бесінші орында болған. Ал оның алдында Париж, Гонконг, Осака мен Женева тұрды. Осылайша, бір жылдың ішінде Тель-Авив қымбатшылық жағынан бес бірдей қаланы артта қалдырды.
Жаңа рейтингіде Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында – Цюрих, ал Гонконг төртінші орынға түсті. Одан кейін Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес пен Осака тұр.
Сарапшылардың айтуынша, биыл израильдік шекельдің долларға шаққандағы бағамы күшейді. Ал азық-түлік қымбаттаған, қоғамдық көлікте жол жүру ақысы да көтеріліп кеткен.
Тель-Авивте тауар мен қызметтердің бағасы орташа есеппен 3,5 процентке өскен. Сол себепті биыл осы мегаполис ең қымбат қалалардың көшін бастады.
-->Мегаполис осы рейтингте алғаш рет бірінші орынға шықты. Былтыр Тель-Авив бесінші орында болған. Ал оның алдында Париж, Гонконг, Осака мен Женева тұрды. Осылайша, бір жылдың ішінде Тель-Авив қымбатшылық жағынан бес бірдей қаланы артта қалдырды.