Елімізде 2025 жылға арналған жаңа инвестициялық саясат тұжырымдамасы әзірленуде
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында вице-министр Әлішер Әбдіқадыров мәлімдегендей, бұл құжат жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға, жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Тұжырымдаманы іске асыру "экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың түйінді драйверіне" айналады. Вице-министрдің айтуынша, жаңа өнеркәсіптік революция және құндылықтар тізбегінің күрделенуі жағдайында IT және қызметтер саласындағы жобалар көбірек инвестициялар тартады екен.
-->Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында вице-министр Әлішер Әбдіқадыров мәлімдегендей, бұл құжат жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға, жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Нәтижесінде еңбек өнімділігін арттыруға және экспорттық қоржынды күрделендіруге бағдарланған сапалы инвестициялар тартуға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылатын болады. Заңнама жетілдіріліп, елдік, салалық және өңірлік инвестициялық тартымдылық арттырылады", - деді Әбдіқадыров.
Тұжырымдаманы іске асыру "экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың түйінді драйверіне" айналады. Вице-министрдің айтуынша, жаңа өнеркәсіптік революция және құндылықтар тізбегінің күрделенуі жағдайында IT және қызметтер саласындағы жобалар көбірек инвестициялар тартады екен.
"Инвестор үшін ірі нарықтардың жақындығы, білікті кадрлардың болуы, инфрақұрылым мүмкіндіктері және логистиканың ыңғайлылығы сияқты факторлар бірінші орынға шығады", - деді вице-министр.