Экономика

Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

Қашықтан істейтін жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс форматына оралуымен байланысты. Бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр. Сондай-ақ ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылардың 93% өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілердің қажетті жабдықтарымен 7% ғана қамтамасыз етілген.

Өңірлер бөлінісінде жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%-дан) сақталуда. Жұмыссыздық республикалық деңгейден жоғары Түркістан облысында (5,1%), сондай-ақ Алматы (5,1%) және Шымкент (5%) қалаларында тіркелген.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, осы жылдың 3-тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 243,7 мың теңгені құрап, тоқсан ішінде абсолюттік мәнде 8 мыңға жуық теңгеге қысқарды. Бұл ретте Атырау (+5,2%), Қостанай (+3,2%) және Батыс Қазақстан (+2%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде төмендеу орын алды.

-->

«Шектеу шараларын жеңілдете отырып, қызмет көрсету, соның ішінде ақпарат және байланыс, сауда және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыспен қамту көлемі артты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту құрылымы өзін жұмыспен қамтуды ұлғайту жағына қарай өзгеруде, бұл көбінесе өнімсіз болып келеді», - деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ы басқарушы директоры Александра Молчановская.

Қашықтан істейтін жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс форматына оралуымен байланысты. Бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр. Сондай-ақ ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылардың 93% өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілердің қажетті жабдықтарымен 7% ғана қамтамасыз етілген.

«Өткен тоқсанмен салыстырғанда, биылғы жылдың 3-тоқсанында жұмыс күшінің саны 7,2 мың адамға немесе 0,1% өсті және 9,3 млн құрады. Егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырсақ, жұмыс күшінің 95,7 мың адамға немесе 1% артуын атап өтуге болады», - деді сарапшы.