Экономика

Интернетте тауар сататын компаниялар "цифрлық салық" төлейтін болды

Келесі жылы1 қаңтарда Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енеді. 

Министрлік қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетел компаниясы Қазақстан бюджетіне қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндеттелетінін атап өтті. ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12% тең. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.

Әкімшілендіру шетелдік интернет-компаниялар аударған сомалар туралы екінші деңгейлі банктердің деректері негізінде жүзеге асырылады. Ведомствоның болжамынша, жаңа салық есебінен бюджетке жылына 2 млрд теңге түседі. 

Айта кетейік, биыл 25 қарашада сенат Салық кодексіне интернет арқылы сатылатын тауарларға "цифрлық салық" енгізуді қарастыратын түзетулерді қабылдаған еді.

-->

"Төлем тәртібі өте қарапайым. Компаниялар салық салу мақсатында тіркелмейді.  Оңайлатылған тәртіпте салық органдарына хат жолдап, ҚҚС төлеуге дайын екендігі туралы хабарлайды", – деді ҰЭМ вице-министрі Азамат Амрин.