Ильин азық-түлікке айына 500 мың теңге жұмсайды екен
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өзінің отбасы азық-түлікке айына 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан болатын. Ал Бағдат Мусин азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын білмейді, өйткені оған зайыбы жауапты екен. Мәжіліс депутаты Анатолий Симонов болса, тамақ үшін айына 250 мың теңгедей жұмсайтынын жасырмады.
-->- Бағаның өсуі және балалардың мектептегі тамағына қаражаттың жартысынан көбі кетеді.
- Жалақыңыздың жартысынан көбін айтып отырсыз ба?
- Иә, менің жалақымның.
- Ал сіздің жалақыңыз қанша?
- Менің жалақым миллион теңгеге жуық.
- Яғни 500 мыңға жуық ақша азық-түлікке кете ме?
- Бұл – азық-түлік және мектептегі балалардың тағамы, киімі және жаттығулар.
- Жоқ, жаттығуларсыз. Тек тамақтануға қанша ақша кетеді?
- Тамаққа шамамен сонша.
- Шамамен 500 мың теңге?
- Иә
- Ал Сіздің отбасыңызда қанша адам бар?
- Менде төртеу бар.
- Сіз, зайыбыңыз және екі балаңыз?
- Иә.