Экономика

Жыл басынан бері 20,6 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды

Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмысшының алдында 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

-->

“Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді”, – делінген хабарламада.