Қымбатшылық қысқан елімізде қысқы доңғалақтың да бағасы шарықтады
Оның айтуынша, өзің тауар өндірмесең, осылай өмір бойы мұнай, доллар, импорттық тауар бағасына алаңдап күн кешесің.
Осы орайда ол елімізде жемқорлық, алаяқтық, қаржылық пирамида, басқа да қылмыс осы қымбатшылықтың салдарынан кең етек жайып барады деп есептейді. Себебі берген де, алған да, алдаған да, алданған да қымбат қалада жақсы өмір сүргісі келетін жағдайға жеткен.
-->«Сигнализация да сондай. Қысқа уақытта 15 мың теңгені қоса салды. Ет, жұмыртқа жыл басынан бері бірнеше рет өсті. «Сұлтан» макаронын 120 теңгеге алғаным есімде қалыпты. Қазір ол баға екі еседей қымбат. Жанармай, дәрі де дәл солай. Жағдайды түзеудің орнына «министерство разъязнило причины роста цен» деген хабар тарайды. Оның түсініктемесі кімге ем?» - дейді әріптесіміз.
Оның айтуынша, өзің тауар өндірмесең, осылай өмір бойы мұнай, доллар, импорттық тауар бағасына алаңдап күн кешесің.
«Жалақысын өсіруді талап етіп, митингке шығып жатқандарды, қолайлы өмір іздеп, шетелдерге көшіп жатқандарды түсінемін. Қазақстанда өмір сүру қолайсыз болып барады», - деп ашынды одан әрі Нұрмұхамед Байғараев.