Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным жоқ – Тоқаев
Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.
-->"Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.
"Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ", - деді Президент.