Экономика

Қазақстанда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бүгіндері елімізде 1 миллионнан астам азаматтың 3,4 миллиард теңгеден астам мүлік салығы бойынша берешегі бар. Борышкерлер тізімін Нұр-Сұлтан (604 млн теңге), Алматы (853 млн теңге) және Шымкент (783 млн теңге) қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Банк шоттарына тыйым салуды, мүлікке шектеу қоюды және жеке сот орындаушыларының келуін болдырмау үшін азаматтар қарызын өтеулері қажет.

Қарыздың бар-жоғын «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы «KGD» байланыс орталығының бірыңғай нөмірі – 1414 арқылы білуге болады.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар банк бөлімшелерінде төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен және банк карталарымен салық аудару мүмкіндігіне ие.

-->

«Осыған орай, 2021 жылдың 1 қазанына дейін салық міндеттемелерін орындамаған азаматтарға салық төлеуші кеңсесіне салық берешегі туралы хабарлама жіберілді. Хабарламаны орындамаған және берешекті 2021 жылғы 15 қарашадан кейін төлемеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары берешекті өндіріп алу туралы салықтық ұйғарымдарды қалыптастырады, одан әрі мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот орындаушыларына жібереді», - делінген хабарламада.