Елімізде 9 ұлттық оператор мәртебесінен айырылады
Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылған болатын.
Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, құқықтық шектеулер аясында ірі операторлардың бейімдігінен тыс қызметті жүзеге асыруына тыйым салу, сондай-ақ конкурстық іріктеу және қызметтің жариялылығы сияқты шаралар талап етіледі.
Ендігі кезекте операторлардың санын азайту қажет. Заң жобасы қабылданғаннан кейін 9 оператор бойынша түбегейлі шаралар қабылданып, олар мәртебесінен айырылатын болады. Осыдан кейін Үкімет 4 субъектіні жекешелендіру мерзімін белгілейді. Оның екеуі жекеменшікте және үшеуі ведомстволық бағынысты ұйым ретінде жұмысын жалғастырады. Тағы 24 оператор бойынша қатаң монополияға қарсы реттеуді қамтамасыз ету ұсынылған.
-->Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылған болатын.
«Келесі маңызды қадам – мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу. Бүгінде монополияны енгізу негіздерін Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік монополия құрмай белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға айрықша құқықтарды заңнамалық түрде беру практикасы қалыптасты. Іс жүзінде мемлекеттік және жеке операторлар деп аталатын балама институт құрылды. Біз анықтаған 51 оператордың 47-сі мемлекеттің қатысуымен құрылған. Енді оларға мемлекеттік монополия субъектілеріне қолданылатын құқықтық шектеу режимі қолданылуы керек», - деді Серік Жұманғарин.