Қазақстанда базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім алынды
ҚР ДСМ ҚЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта - 12,0%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9%, нан және нан – тоқаш өнімдерінде – 0,8%, жеміс-көкөніс өнімдерінде – 3,1%, қапталған ауыз суда, оның ішінде минералды суда – 0,3%, шырын өнімдерінде – 1,9%, алкоголь өнімдерінде – 1,1%, алкогольсіз сусындар - 4,5%, арнайы тамақ өнімдері – 5,5%, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - 0,9% және өзге де тамақ өнімдері-10,3%-ын құрады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 55,4%, басқа елдерден – 21,8% анықталған.
Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі - 22% құрады.
Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша 1 246 ұйғарым берілді, 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
3,8 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды.
Отандық өндірушілердің атына тиісті шаралар қабылдау үшін сәйкес келмейтін өнімді анықтау туралы 450 хабарлама жолданды.
Сәйкес келмейтін өнім өндірушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына 30 хабарлама жіберілді.
-->ҚР ДСМ ҚЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
"Биылғы 9 айда мониторинг аясында 22 175-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, олардың 2 537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермеді. Таңбалау ережелерінің сақталмауы - 70,0%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны адастыратын көрсеткіштер бойынша – 14,0%-ын құрады", - делінген ведомствоның хабарламасында.