Экономика

Елімізде «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленді

Қосымшаны енгізу Салық кодексіне жаңа жылдан бастап күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулармен қарастырылған. Арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.   

Онда табыстың болжамды сомасы көрсетілуге (мәлімделуге) және ол табыс етілген кезде табыстың мәлімделген сомасы негізге алына отырып есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленуге тиіс.

-->

Қосымшаны енгізу Салық кодексіне жаңа жылдан бастап күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулармен қарастырылған. Арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.   

«Оны қолдану шарттары патент негізінде АСР қолдану шарттарына ұқсас, кейіннен ол осы режимді ауыстыруы тиіс. Ал айырмашылығы – мобильді қосымшаның мүмкіндіктерін пайдалануда. Қосымшаны қолданушы кәсіпкерлер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатылады, өйткені қосымшада кәсіпкер енді қолданбауға құқылы БКМ чектерінің орнына қалыптастырған чектер бойынша айқындалған табыстардың негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есеп жүргізіледі. Бұдан басқа, салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады», - деді Ж. Іңкәрбаев.

Онда табыстың болжамды сомасы көрсетілуге (мәлімделуге) және ол табыс етілген кезде табыстың мәлімделген сомасы негізге алына отырып есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленуге тиіс.