Депозиттер бойынша желтоқсан айына сыйақы мөлшерлемесі бекітілді
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қараша айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерді қайта қарағандығын және желтоқсанға тиесілі мөлшерлемелерді бекіткендігін хабарлайды.
Үш (3) және алты (6) айға арналған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер аздап ұлғайтылды. Бірақ бұл ретте табыстылықтың мерзім мен шартқа тәуелділігіне қатысты өрлемелі сызықты қолдау қағидасы сақталды. Бұл қысқа мерзімді (3 және 6 айлық мерзімді және жинақ депозиттер), сондай-ақ мерзімсіз депозиттер бойынша айырмашылықтардың сақталуымен көрініс берді.
12 айға ашылған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты желтоқсан айында 0,1 пайызды тармаққа ұлғайып, толықтыру құқығы бар депозиттер бойынша 12,7%-ды, толықтыру құқығы жоқ депозиттер бойынша 13,9%-ды құрады.
Осылайша осындай депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында ең жоғары деңгейде болып қалуда.
-->Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қараша айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерді қайта қарағандығын және желтоқсанға тиесілі мөлшерлемелерді бекіткендігін хабарлайды.