Экономика

Қостанайлық автозауытта 150 мыңыншы автокөлік шықты

Зауыттың сапасы жағынан көпшіліктің көңілінен шығып жүрген «Chevrolet Nexia» үлгісіндегі жеңіл автокөлікке деген сұраныс жоғары. Бұл көлік Қазақстанның автомобиль нарығында кең сұранысқа ие әрі сатылым жағынан да өзге модельді көліктерден көш ілгері. Сондықтан болар, 150 мыңыншы болып жасалған көлік осы маркаға тиесілі. Биылғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 9 мыңнан астам тұрғын Тобыл өңірінде құрастырылған «Chevrolet Nexia» көлігін сатып алған.

Серіктестік үстіміздегі жылғы 9 ай ішінде 38 мыңнан астам автомобиль шығарып, өндіріс көлемін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147%-ға еселеп отыр. Әлемдік пандемия қыспағына қарамастан кәсіпорын жыл соңына дейін 60 мың автокөлік шығаруды жоспарлауда.

Сондай-ақ, Қостанай зауытында «JAC», «Kia», «Renault», «Lada» және «SAZ» маркалы автокөліктер де шығарылады. Автозауыт биыл Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекеттеріне 5 мыңнан астам автомобиль экспорттаған. Сыртқы саудаға кететін көлік саны жыл соңына дейін әлі де еселене түспек.

-->

«Кәсіпорынның бүгінгі толайым табысы зауыт инженерлері мен қарапайым жұмысшылардың кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің жемісі екені даусыз. Бүгінде Қостанай зауытында 1800-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді. Жұмысшылардың бәрі «SAP University» орталығында жүйелі түрде білімін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттырып отырады», – деді автозауыттың баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.