Экономика

Отандық дәрі-дәрмектерді өндіру 40%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, өткен жыл мен 2021 жылдың жартысы дәрі-дәрмектер импортының өсуімен ерекшеленді, ал 2021 жылдың маусымынан бастап жағдай күрт өзгерген.

Осы жылдың жазынан бастап шетелден келетін дәрі-дәрмек саны азайған. Қаңтар-тамызда Қазақстанға жеткізу көлемі $700 млн болса, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға кеміген. Елімізге дәрі-дәрмектердің негізгі импорттаушысы Германия, Үндістан және Ресей болып қала береді.

Қазақстандық тауар өндірушілер фармацевтикалық өнім шығару көлемін арттырып келеді. Осы жылдың тоғыз айында отандық фармацевтика 160,4 млрд теңгеге тауар өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артық.

"QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ сарапшыларының ақпараты бойынша, тамыз айының қорытындысына сәйкес нарықтағы отандық тауар өндірушілердің үлесі – 19,2%, ал жылдың басында бұл көрсеткіш 16% еді.

Қазақстандық фармацевтикалық өнімдердің жартысына жуығын Қарағанды облысының кәсіпорындары (46%), 21% - Шымкенттің зауыттары, 16,5% - Алматы облысының фармацевтикалық компаниялары, 12% - Алматылық компаниялар шығарады.

-->