Экономика

Еліміздегі электр желілерінің 53 пайызы тозған

Ал Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков Қазақстанда электр желілерінің тозуы 53 пайызға жеткенін атап айтты.

Сонымен бірге, спикер электр желілеріне инвестициялар әкелу мүмкіндіктері туралы айтты. Үкімет электр энергиясын өндіруді ұлғайтатын болса, онда жаңа желілерді жаңғырту және салу мәселесіне басымдық беру керек. Инвестиция арқылы желілердің сапасын жақсартылады деп күтілуде.

-->

«Негізгі энергетикалық қорлардың жоғары тозуын ескере отырып, энергетикалық секторды 2060 жылға дейін жаңғырту шамамен 305 млрд АҚШ доллары инвестициясын тартуды талап етеді. Қосымша инвестицияларды тарту көмір стансаларын жаңғырту, бу-газ қондырғыларына көшіру және жасыл сутегін дамыту үшін қажет. Көміртекті ұстау және сақтау технологияларын енгізу үшін 37,5 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция қажет болады», - деді Серікқали Брекешев.

Ал Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков Қазақстанда электр желілерінің тозуы 53 пайызға жеткенін атап айтты.

«Бүгінгі таңда еліміздің энергетикалық қуаты 23 МВт-ты құрайды. Бірақ желілердің жартысына жуығының тозығы жетті. Сол себептен 2009 жылдан бастап 4,5 мың МВт қуатты жаңғырттық. Дегенмен, қалған 40 пайызына инвестиция тартып, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бұл мақсатымызды жүзеге асыру үшін инвестиция тартуымыз қажет», деді шенеунік.