Дариға Назарбаева оқушыларға 160 домбыра тарту етті
Жобаның гуманитарлық мақсаты – домбыра сатып алуға мүмкіндігі жоқ талантты балаларға қазақтың киелі музыкалық аспабын табыстау. Арнайы жасалған 160 домбыра ата-ана қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға берілді. Сонымен қатар бұл жоба «күй анасы» атанған Дина Нұрпейісованың бай мұрасын дәріптеуге, ұлттық өнердің насихатталуына үлес қосуды көздейді.
Іс-шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өз кезегінде педагогтарға және балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне алғыс білдірді.
Ал күйшінің шөбересі Төлеген Қуанышев Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аясында өткізіліп жатқан көптеген іс-шаралардың арасында «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған жобаның орны бөлек екенін атап өтті. «Күй анасы» қорын басқаратын оның айтуынша, бұл қайырымдылық жоба балаларға Дина Нұрпейісованың мұрасын кеңінен тануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ іс-шара аясында қатысушылар күйші Дина мен оның атақты ұстазы Құрманғазының туындылары орындалған концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Сахнада «Байжұма», «Саранжап», «Баламишка», «Балбырауын», «Адай», «Науысқы», т.б. күйлер орындалды. Ұлттық музыканың озық үлгілерін Ерлан Рысқали, Ғалым Ахмедьяров, сондай-ақ Динаның образында өнер көрсеткен Анар Мұздаханова ұсынды. Бұл концерт домбыра үнінің баршаға ортақ екендігін дәлелдей түсті. Қазақтың күй тартыс өнерін Самвел Азноварян, Мозес Зиборкеде, Сабир Гусейнов, Михаил Абуов шебер көрсете білді.
Түрлі ұлттық музыкалық аспаптардың үнін жаңғыртқан «Астана сазы» ансамблінің өнері де зор ықыласқа бөленді. Белгілі әртістермен бірге сахнада «Үміт», «Шабыт» және «Бурабай» атты балалар ансамбльдері өнер көрсетіп, жаңа музыкалық челлендж бастады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, челлендж аясында әрбір видео Instagram әлеуметтік желісінде #ДинаНурпеисоваФондДегдар хештегімен жарияланып, домбырада ойнаудың онлайн жарысы ретінде ұсынылады. Челлендж өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық өнердің сақталуы мен насихатталуын арттыруға бағытталған. Ол Instagram әлеуметтік желісінде 31 желтоқсанға дейін өтеді.
-->Жобаның гуманитарлық мақсаты – домбыра сатып алуға мүмкіндігі жоқ талантты балаларға қазақтың киелі музыкалық аспабын табыстау. Арнайы жасалған 160 домбыра ата-ана қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға берілді. Сонымен қатар бұл жоба «күй анасы» атанған Дина Нұрпейісованың бай мұрасын дәріптеуге, ұлттық өнердің насихатталуына үлес қосуды көздейді.
«Дегдар» гуманитарлық қоры мектептер мен балалар ансамбльдеріне музыкалық аспаптар сыйлайды. Соның арқасында домбыра тартып үйренсем деген талай баланың тілегі орындалады. Бұл сыйлығымыз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығымен орайлас келіп отыр. Ол өзінің талантының, музыкаға деген махаббаты мен туған жерге сүйіспеншілігінің арқасында «Күй анасы», тұңғыш әйел-композитор атанды. Оның күйлерінде даланың тылсым даусы мен бұлбұл құстың әсем үні бар. Домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді. Бар болғаны екі ішекті көне аспапта туған жеріміздің сұлулығы мен сырлы сезім тұнып тұр. Қазіргі музыка әлемі өте бай, алуан түрлі. Ал дәстүрлі өнерді таңдаған сіздердің шәкірттеріңіз үшін заманауи компьютерлік технология домбыраның ғажап даусына көлеңке түсіре алмапты. Мен бұған өте қуаныштымын. Ұлттық музыкаға құштар балалар көп болған сайын ұлтымыздың болашағы жарқын, рухы жоғары болатынына сенеміз», - деді Дариға Назарбаева.
Іс-шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өз кезегінде педагогтарға және балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне алғыс білдірді.
«Қазақта «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген киелі сөз бар. Күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға – Дина Нұрпейісованың да бағыт берген ғұлама ұстаздары болған. Алдымен оның әкесі, содан кейін ұлы Құрманғазының өзі оның музыкаға қызығушылығын қолдап, талантын ұштаған. Қазір де өз ісін жақсы көретін осындай тәлімгерлер бар екеніне кәміл сенімдімін», - деді министр.