Экономика

Елордада 15 мың 300 км инженерлік желілер цифрландырылды

-->

“Тұрғын үйге, жұмысқа орналасуға, білім беруге қатысты негізгі мәселелерден басқа, жылумен жабдықтау желілері бойынша да сұрақтар бар. Бұрын айтқанымдай, қалада иесіз, қараусыз қалған желілер бар. Олардың жұмысындағы үзілістер қала өміріне, өмір сүрудің жайлылығына тікелей әсер етеді. Иесіз желілерді анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарғаннан кейін, біз қала балансына 450 трансформаторлық қосалқы станцияны, 1 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді алдық. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 15 мың 300 км инженерлік желілер цифрландырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда”, – деп жазды әкім өз постында.

Сондай-ақ А. Көлгінов азаматтарды қабылдау кезінде келіп түсетін сұрақтар қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінетінін, соңғы тармақ бойынша оларды қаланың жалпы даму жоспарына енгізетінін айтты.