Экономика

Санақ сайты қайта ашылды

Бұл халық санағы – еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері өтіп жатқан үшінші халық санағы. Санаққа биыл алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылды. Онлайн санақ 1 қыркүйектен басталып, 31 қыркүйекке дейін жалғасқан еді. Алайда санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, оның ішінде елордалықтардан, онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түсе бастаған. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды. Енді санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралап санақ алып жатыр. Осы орайда Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын санақ жұмысына белсенділік танытуға шақырды.

Үйлерді аралап санақ алу кезеңінде бұрын онлайн-санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге санақ өткендігі туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

Айта кетейік, халық санағын алу – өте ауқымды әрі кұрделі жұмыс. Сондықтан оған арнаулы қызметкерлерден тыс еріктілер де тартылған. Нұр-Сұлтан қаласындағы еріктілердің қатарында студентер мен зейнеткерлер де бар. 

Қалиакпар Үсемхан

-->

“Мен екінші куріс студентімін. Халық санағын алу жұмысына ерікті ретінде қатыстым. Қазірге дейін 100 ден астам отбасын араладым. Мен аралаған үйлердегі тұрғындардың тең жартысы онлайын санақтан өткен ксілер екен. Ал онлайын санақтан өтпегендердің дені қарттар. Жұрттың көбі белсенді, дегенмен, «бізге мұның не керегі бар, біздің мазамызды алмаңдар, біз санаққа қатыспаймыз» деп кері толғайтын тұрғындар де кездеседі. Менше бұл санаққа жалпы халық ат салысуы керек деп ойлаймын” – деді санақ алушы еріктілердің бірі Айнұр Сарқұм.