Елордада Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр
АММ конгресі - сала мамандары кездесетін, уағдаластыққа қол жеткізетін, келісімдер мен келісім-шарттар жасалатын тиімді алаңға айналды. Іс-шараға шетелдік мамандардың қатысуы тәжірибе алмасуға және жаңа шешімдерді қабылдауға ықпал етеді.
Бұл форум алғаш рет 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен және тікелей қатысуымен өтті. Бүгінде "АММ" конгресі тау-кен металлургия кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылау және шешу үшін маңызды халықаралық алаң.
Айта кету керек, тау-кен металлургия кешені Қазақстан экономикасының қозғаушы күші, оның үлесіне елдің ЖІӨ-нің 8,2% - ға жуығы, ұлттық экспорттың 24% - ға жуығы тиесілі және салада 230 мың отандасымыз қажырлы еңбек етіп жатыр.
Биылғы шараның басты тақырыбы "Пандемия жағдайында әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу векторлары". Жалпы конгресс бағдарламасы жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер бойынша сессияларды, геологиялық барлау, 4.0 индустриясында жаңа құзыреттерді дамыту мәселелері бойынша шеберлік сыныптарын қамтитын болады.
Сонымен қатар, конгресс аясында алтын және көмір өнеркәсібі бойынша форумдар мен GR, PR, HR бағыттарында шеберлік сабақтары өтеді. Шара ұйымдастырушылары AIX-пен әріптестікте тау-кен саласына инвестициялар тарту бойынша дөңгелек үстелдер өткізеді. Конгрестің екінші күні АММ делегаттары "Казцинк" ЖШС және "АрселорМиттал Теміртау"АҚ сынды ірі тау-кен өндіруші компанияларының жеткізушілері болуды үйренеді.
Қазақстан ТКМК саласының болашағы-геологиялық барлауға инвестиция салу, сапалы кадрлық әлеуетті дамыту және жаңа технологияларды енгізумен байланысты. Сол себепті конгресс бағдарламасын сапалы толтыру саланың проблемалық мәселелерін барынша толық ашуға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Дәстүр бойынша Astana Mining & Metallurgy тау-кен металлургиялық конгресі аясында көрме өтеді.
АММ көрмесі-тау-кен металлургия саласының компаниялары үшін озық технологиялар мен инновациялық әзірлемелердің алаңы. Мұнда көрмеге қатысушылар пайдалы қазбаларды іздеуге, өндіруге және байытуға арналған жабдықтар мен технологияларды ұсынады.
Одан бөлек, AMM көрмесінің қатысушыларына өз компаниясын жоғары үкіметтік деңгейде ұсыну, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен, сала сарапшылары және ірі компаниялардың басшыларымен жаңа әріптестік байланыс орнату мүмкіндігі беріледі.
Көрмеге АрселорМиттал Теміртау, Еуразиялық Топ, Kaz Minerals, Kazakhmys, Kazzinc, Polymetal және т. б. компаниялар қатысады.
-->АММ конгресі - сала мамандары кездесетін, уағдаластыққа қол жеткізетін, келісімдер мен келісім-шарттар жасалатын тиімді алаңға айналды. Іс-шараға шетелдік мамандардың қатысуы тәжірибе алмасуға және жаңа шешімдерді қабылдауға ықпал етеді.