Экономика

20 қазан – Ақмоланы Қазақстан астанасы деп жариялаған күн

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгеріп, жаңа елордамыздың халықаралық тұсаукесері сол жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. Сондай-ақ 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы – астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі.

Президенттің 2019 жылғы 23 наурыздағы Жарлығымен Астана қаласы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Қазір елорданың жалпы аумағы 722 шаршы шақырымнан асады десек, тұрғындарының саны – 1 миллионнан асады. Қала Алматы, Сарыарқа, Есіл және Байқоңыр атты төрт ауданнан тұрады.

Бүгінде Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы елорданы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Сондықтан қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Бұл ретте бас қаламыздың ірі кәсіпорындары – Целиноград вагон жөндеу зауыты, «Цесна-Астық» концерні, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауыты, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауыты. Одан бөлек, мұнда 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді.

Ең бастысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекет тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

-->