Жыл соңына дейін Қазақстанда криптобиржалар пайда болады
Криптобиржалар “Астана” халықаралық қаржы орталығында тіркелуі тиіс, ал пилоттық жобаның ұзақтығы бір жылға созылады. Осылайша АХҚО-ға әлемдік криптоайналымның 1%-ын әкелу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз орташа есеппен күніне 340 млрд теңгені құрайды.
Криптобиржаларды тестілеуге лицензияны төрт компания алған, олардың аты әзірге құпия сақталады. Саудаға қатысқысы келетіндер өздерінің есептік жазбасын криптобиржада тіркеп, онымен тиісті келісімшартқа отыруы керек. Бұдан кейін жазба құжаттарды верификациялау және идентификациялау процесінен өтеді.
Бұдан бөлек, Салық кодексіне сай, криптобиржада жеке табыс салығын төлеу қажет.
Сондай-ақ Қазақстанда келер жылғы 1 қаңтардан бастап майнингке салық енгізіледі. Ол бір киловатт-сағатқа бір теңгені құрайды. Бұдан бюджетке шамамен 7 млрд теңге түседі деп жоспарланып отыр.
-->Криптобиржалар “Астана” халықаралық қаржы орталығында тіркелуі тиіс, ал пилоттық жобаның ұзақтығы бір жылға созылады. Осылайша АХҚО-ға әлемдік криптоайналымның 1%-ын әкелу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз орташа есеппен күніне 340 млрд теңгені құрайды.