Пандемия ұлттық компаниялардың қаржылық жағдайына қалай әсер етті
Ұлттық компаниялардың өнімдерін сату мен қызметтер көрсетуден түсетін кірісі ұлғайды – 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 трлн теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,5% артық.
Кірістердің өсуіне қарамастан, салық салуға дейінгі пайда 63,8% (464,4 млрд теңгеге дейін) қысқарған. Өндіріс рентабельділігі 2019 жылғы "дағдарысқа дейінгі" 55,1%-дан 2020 жылғы "пандемия кезеңінде" 18,2%-ға дейін төмендеді.
"Самұрық-Қазына" АҚ Холдингі экономикаға елеулі үлес қосып отыр. Оның ЖІӨ активтерінің үлесі – 39%. Холдингтің портфельдік компанияларының көпшілігі тау-кен өндіру өнеркәсібінде жұмыс істейді. Бұл – "коронадағдарыстан" зардап шеккен салалардың бірі. Дегенмен "Самұрық-Қазына" АҚ теріс салдарларды теңестіре алды.
Холдингтің кірістері 2020 жылы қысқарды. Шикі мұнайды сатудан түскен кірістер 44,1%, мұнай өнімдерін сатудан — 28,8%, газды сатудан және қайта өңдеуден 7,4%, мұнай мен газды тасымалдаудан және авиатасымалдан-25,4% және 50,8% қысқарды.
Ал аффинирленген алтынды сату (+46,3%), электр энергиясын тасымалдау (+29,3%), пандемия мен коронавирустық шектеулер кезеңінде неғұрлым маңызды болған телекоммуникациялық қызметтер (+20,4%) айтарлықтай өсті.
Қалыптасқан жағдайда "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компанияларының тиімділігі олардың мөлшері мен қор құрылымындағы үлесіне сәйкес келмейді. Мысалы, холдинг активтерінің жартысынан көбін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ иеленеді (53,3% немесе 14,7 трлн теңге). Компанияның таза пайдасы бір жыл ішінде 85,2% қысқарды, яғни 171,9 млрд теңге болды. Бұл – холдингтің таза пайдасының жалпы мөлшерінің 29,5%-ы. "Самұрық-Қазына" АҚ құрылымындағы осы кәсіпорынның таза пайдасының үлесі активтер үлесінен әлдеқайда төмен. Бұл компания мен оның қызмет саласының тиімділігі төмен екенін көрсетеді.
Ал "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ мен "Қазақтелеком" АҚ неғұрлым тиімді болып отыр. Холдинг активтерінің құрылымында олардың үлесі шағын болғанына қарамастан (6,1% және 4,1%), таза пайдадағы үлесі жақсы (38% және 11,2%). Егер "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ-да активтердің рентабельділігі 13,1% бен 5,9% болса, "ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да көрсеткіш бар болғаны 1,2%-ға, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ-да 1,9% - ға жетті.
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның ТОП-5 ірі портфельдік ұйымдарының ішінде 2020 жылы "Қазақтелеком" АҚ ең көп кіріс алып келген. Таза кірісі – бір жылда 8,1%. Компанияның таза пайдасының үлесі активтердің үлесінен 3 еседей асады, бұл да компания қызметінің жоғары тиімділігін көрсетеді.
Шын мәнінде, жаһандық технологиялық прогресс пен "жасыл" экономикаға көшу жағдайында телекоммуникациялар секторы мен "таза" энергетика неғұрлым перспективалы болады деп айтуға болады.
-->Ұлттық компаниялардың өнімдерін сату мен қызметтер көрсетуден түсетін кірісі ұлғайды – 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 трлн теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,5% артық.