Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы көтерілмейді – Алтай Көлгінов
Оның айтуынша, карантиннің кесірінен кейбір шекаралар жабылып қалуы мүмкін. Өкінішке қарай, бүкіл азық-түлік Қазақстанда шығарылмайды. Сондықтан елорда әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жергілікті шаруа қожалықтарымен форвардтық келісімшарттарға отырғанн.
-->“Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімін бекіттік. Олардың бағасын көтермес үшін біз қазір астанадағы ірі сауда ұйымдарына айналым механизмі арқылы қаражат беріп жатырмыз. Мысалы, нан қымбаттамауы үшін біз 8 мың тонна ұн сатып алдық. Сол сияқты, ет, картоп, май секілді басқа да азық-түлік түрлерінің бағасын қадағалап отырмыз”, – деді А. Көлгінов.