Экономика

Отбасы банк үй сатуға және сатып алуға арналған маркетплейсті іске қосты

Бұл – қазақстандықтар үшін тұрғын үй таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінім бере алатын, Отбасы банкінің меншікті бағдарламалары аясында құрылыс салушылардан оңтайлы баспана таңдай алатын, сондай-ақ екінші нарықтан пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін еліміздегі бірегей портал.

Baspana market-тің көмегімен қазақстандықтар нысанның толық сипаттамасын, қолжетімді пәтерлер санын, құны мен бөлмелердің орналасу жобасын егжей-тегжейлі анықтап көре алады. Сондай-ақ жаңа цифрлық платформада лайықты мүлікті тапқаннан кейін, оны сол жерде брондап, жеке кабинетте сатып алу барысын бақылауға болады.

Егер қолданушы жаңа үй алуды көздесе, платформа арқылы құрылыс салушыдан кеңес алу үшін онлайн-өтінім жолдай алады. Ал таңдағаны - екінші нарықтағы баспана болса, аталмыш мүлікті Отбасы банкінен несие алу үшін кепілзат ретінде ұсынуға қаншалықты жарамды екенін бірден көре алады.

Мұнымен қоса Baspana market құрылыс салушылар үшін Отбасы банкімен өзара қарым-қатынас орнатуға ыңғайлы цифрлық алаңға айналмақ. Бұл жерде қажетті құжаттарды тіркеп, банкпен ынтымақтастық жөнінде электронды өтінім жолдап, Отбасы банкінің кең аудиториясына құрылыс салушылар өз пәтерлерін сатуға шығарса болады.

Онлайн ипотека – сынақ режимінде жұмыс істеп тұрған пилоттық жоба. Ол коммерциялық нарықтан жаңа немесе қолданыста болған тұрғын үй сатып алғысы келетін банк клиенттеріне қол жетімді болады. Қазір дәл осындай несие түрін рәсімдеу үшін Банк бөлімшесіне 9 рет қатар бару қажет. Онлайн ипотека ашылса, несиелік келісімге қол қою сатысында Банкке 2 рет келу ғана қажет болады.

Қызметтің жаңа түрін Baspana market-те орналасқан жеке кабинет арқылы пайдалануға болады. Ол жерде әлеуетті қарыз алушы сатып алу-сату келісімі аяқталғанға дейін өзіне жеке тағайындалатын бейне-кеңесшімен байланыса алады. Кеңесші алдын ала есеп жүргізіп, құжаттар тізімін айтып, несие сомасының алдын ала мақұлданған көлемі жөнінде ақпарат бере алады. Әрі қарай, клиент өзіне ұнамды баспана тауып, оны бағалатады. Мүлікті бағалау құжаттары дайын болған кезде, бейнебайланыс операторы несиелік өтінімді толтыруға көмектесіп, клиентке оның жағдайы туралы хабарлайды. Егер Банк оң шешім шығарса, оператор сатып алу-сату келісімін рәсімдеу үшін нотариусқа баратын ыңғайлы уақытты брондауға көмектеседі.

Осы процестен кейін ғана болашақ қарыз алушы құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну үшін алдымен банк филиалына, кейін несиелік келісім мен оны өтеу кестесіне қол қоюы үшін Банк бөлімшесіне барады.

-->

“Қазіргі уақытта банкте баспана алу үшін қаражат жинақтап жатырған 2 миллионнан астам салымшы бар. Олардың барлығы жылжымайтын мүлік нарығындағы әлеуетті сатып алушылар. Салымшыларымыздың ыңғайлығы мен уақыттарының үнемдігі үшін біз үйді бір жерден таңдап, тіпті онлайн ипотека рәсімдеуге мүмкіндік беретін маркетплейсті іске қостық. Бұл цифрлық қызмет пен қарапайым адамгершіліктің ұштасуы. Себебі көп жағдайда қазақстандықтар ипотеканы өмірінде бір рет қана алады, сондықтан бұл процесті толықтай цифрландыруға болмайды деп есептейміз. Біздің клиенттерге кеңесшінің қолдауы мен ісін жеке алып жүруі қажет. Біз Baspana market-тегі онлайн ипотеканың көмегімен 10 мыңға жуық несие беруді жоспарлап отырмыз”, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимова.