Электронды үкіметті дамыту бойынша Қазақстан Ресейден 7 орынға алда тұр
“Электронды үкіметті” дамыту бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Мысалы, 2020 жылы біздің ел 10 сатыға көтеріліп, 29-орынға тұрақтаған. Ал көршілес Ресей болса 4 сатыға құлдилап, 36-орынды иеленді. Осылайша ол бізден 7 орынға артта тұр.
Қазіргі таңда Қазақстанда “электронды үкіметтің” дамуына тікелей жауапты мемлекеттік компаниялар мен органдар бар. Оның ішінде:
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
- “Зерде” ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі” АҚ;
- “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ;
- “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы;
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті секілді ұйымдарды атап өтуге болады.
Еліміздің 2021-2023 жылдарға арналған республкиалық бюджетінде “электронды үкіметті” дамыту үшін биылға – 79 млрд теңге, келер жылға – 62,8 млрд теңге, 2023 жылға 42,5 млрд теңге бөлінген.
-->“Электронды үкіметті” дамыту бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Мысалы, 2020 жылы біздің ел 10 сатыға көтеріліп, 29-орынға тұрақтаған. Ал көршілес Ресей болса 4 сатыға құлдилап, 36-орынды иеленді. Осылайша ол бізден 7 орынға артта тұр.