Ұн экспорты ұнжырғаны түсіріп тұр
Экспорттың басым бөлігі – 2,2 млн тонна өнім ТМД елдеріне жөнелтілген, бұл былтырға қарағанда 5,6%-ға артық. Әсіресе Өзбекстан (1,6 млн т), Тәжікстан (508,8 мың т) және Ресей (42,1 мың т) – біздің бидайдың басты импорттаушылары.
Өзге елдерге 993 мың тонна бидай экспортталған, бұл былтырғы көрсеткіштен 2,1 есе көп. Оның үштен бір бөлігі Ауғанстанға (355,6 мың т), сондай-ақ тағы едәуір бөлігі Иран (342,1 мың т) мен Қытайға (154,8 мың т) жөнелтілген.
Өкінішке қарай, ұнға қатысты олай қуана алмаймыз. Жыл басынан бері 207,6 млн АҚШ доллары сомасындағы 749,1 мың тонна бидай ұны экспортталды. Бұл көлем былтырғыдан 11,5%-ға аз.
Тоғыз айдың ішінде ТМД елдеріне 261,2 мың тонна жіберіппіз, биылғы көрсеткіш былтырғыдан 16,4%-ға кем. Бұл тұста біздің басты импортерларымыз Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей болды.
Басқа елдерге бидай ұнының 487,9 мың тоннасы жөнелтілді, бұл былтырғы көлемнен 8,6%-ға аз. Экспорттың негізгі көлемі Ауғанстанның еншісінде: бұл ел біздің ұнның 486,1 мың тоннасын импорттады. Қазақстандық ұнның тағы 1,7 мың тоннасын Қытай алды.
-->