Экономика

Елімізде жыл басынан бері 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Асқар Маминнің сөзінше, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және сапалы инвестиция тарту жұмысын әрі қарай да жалғастыру қажет.

-->

«Құрылыс қарқыны 9,7%-ға өскен. Биыл 9 айда 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бұл былтырға қарағанда 8%-ға көп», – деді премьер-министр.

Асқар Маминнің сөзінше, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және сапалы инвестиция тарту жұмысын әрі қарай да жалғастыру қажет.

«Ұлттық экономикада сенімді өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 3,4%-ға дейін өсті. Экономика дамуының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7%-ға артты. Соның ішінде машина жасауда 22,8%, автомобиль құрылысында 31,6%, локомотив пен вагон өндірісінде 50,5%, құрылыс материалдарында 10,1%, фармацевтикада 38,1%, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4%, киім өндірісінде 14%, жиһаз жасау саласында 14,9%, дайын метал бұйымдарын шығаруда 17,2% өсім байқалады”, – деді Үкімет басшысы.