Қазақстанда 300-ден астам кореялық компания жұмыс істейді
Елшінің айтуынша, екі ел арасындағы сауда және инвестиция көлемі жылдан-жылға артып келеді.
Сондай-ақ ол Қазақстанда оңтүстіккореялық көлікті көптеп көруге болатынын, қазақстандықтар кореялық смартфондар мен тұрмыстық техниканы аса ыждаһатпен пайдаланатынын атап өтті.
-->Елшінің айтуынша, екі ел арасындағы сауда және инвестиция көлемі жылдан-жылға артып келеді.
«Қазақстан – Кореяның төртінші сауда серіктесі. Екі мемлекет пандемия туғызған дағдарысты біртіндеп еңсеріп жатыр. Былтыр олардың арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты. Бүгінде Қазақстанда 300-ден астам оңтүстіккореялық компания жұмыс істейді», - деді елші.
Сондай-ақ ол Қазақстанда оңтүстіккореялық көлікті көптеп көруге болатынын, қазақстандықтар кореялық смартфондар мен тұрмыстық техниканы аса ыждаһатпен пайдаланатынын атап өтті.
«Кореялық компаниялар Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қоса отырып, жергілікті жұмысшылармен және іскер серіктестермен үлгілі әріптестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті», - деді Ку Хон.