Экономика

Мукбанг, халлю, ханбок: Оксфорд сөздігі корей тілінен енген сөздермен толықты

Кәріс сөздерінің ағылшынтілділер арасында қолданыла бастауы лексикалық инновациялардың Ұлыбритания мен АҚШ-тағы дәстүрлі тіл орталықтарымен ғана шектеліп қоймай, корей мәдениеті мен асханасына деген қызығушылықтың артқанын да көрсетеді. 

Сөздіктің жаңа басылымына мынадай сөздер енген:

  • Мукбанг – аудиториямен әңгімелесіп, өте көп көлемдегі ас-ауқат жеп отыратын блогерлердің тікелей трансляциясы;
  • Халлю – корей толқыны; Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетінің әлемге таралуын білдіретін ұғым;
  • Эгё – “сүйкімді”, “сұлу” деген мағынаны білдіретін сын есім; жапондардың “каваий” сөзінің баламасы;
  • Пулькоги – маринадталған сиыр немесе бұзау етінен дайындалатын, барбекюға ұқсас корей тағамы;
  • Ханбок – Корея тұрғынының ұлттық костюмі.

Толық тізіммен Оксфорд сөздігінің сайтында танысып шығуға болады.

-->