Биыл елордаға қанша шетелдік инвестиция тартылды
Салалар бойынша қарастырсақ, шетелдік инвестицияның ең көп өсімі өңдеу өнеркәсібінде (57,2%), саудада (45,8%), тау-кен өнеркәсібінде (27,1%), көлік саласында (20,4%) байқалған.
Қазақстан экономикасына құйылатын капитал ағынының өсуі барлық негізгі инвестор елге тән болып отыр. Мәселен, Нидерландыдан – 3,3 млрд доллар (24,5% өсу), АҚШ-тан – 2,1 млрд доллар (87,7% өсу), Швейцариядан – 1,3 млрд доллар (86,7% өсу), РФ-дан – 704,9 млн доллар (17,0% өсу), ҚХР-дан – 508,7 млн доллар (63,7% өсу), Бельгиядан – 459,5 млн долларр (4,3% өсу), Түркиядан – 388,7 млн доллар (79,9% өсу), Оңтүстік Кореядан – 233,0 млн доллар (33,1% өсу) тікелей инвестиция тартылған.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары инвестициялық белсенділік Атырау облысы (3,6 млрд доллар; 15,4% өсу), Алматы қаласы (3,0 млрд доллар; 26,3% өсу) және Шығыс Қазақстан облысында (1,3 млрд доллар; 72,8% өсу) тіркелді.
Сондай-ақ оң динамика Павлодар облысында (514 млн доллар; 21,7% өсу), Қостанай облысында (496,4 млн доллар; 2,2 есе өсу), Ақтөбе облысында (410,1 млн доллар; 53,2% өсу), Нұр-Сұлтан қаласында (308,6 млн доллар; 10,2% өсу), Маңғыстау облысында (302,9 млн доллар; 98,8% өсу), Түркістан облысында (137,8 млн доллар; 85,1% өсу), Шымкент қаласында (64,1 млн доллар; 22,4% өсу) байқалып отыр.
Бүгінде Үкімет тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қарқынын жылына 30 млрд долларға дейін жеткізу және 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
-->Салалар бойынша қарастырсақ, шетелдік инвестицияның ең көп өсімі өңдеу өнеркәсібінде (57,2%), саудада (45,8%), тау-кен өнеркәсібінде (27,1%), көлік саласында (20,4%) байқалған.