Экономика

Халықтың ширек бөлігі 105 мыңнан аспайтын жалақы алады – статистика

Бюро жүргізген зерттеуге сүйенсек, қызметкерлердің 1,2%-ы – 45 000 теңгеге дейін, 25,8%-ы – 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін, 36,9%-ы – 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін, 16,6%-ы – 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін, 10,6%-ы – 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін, 5,0%-ы – 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін, 1,6%-ы – 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін, 0,8%-ы – 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін, 1,5%-ы 900 000 теңгеден жоғары жалақы алады. 

Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75 000 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың ең көбі «Білім беру» (49,7%) саласында жұмыс істесе, 450 000 теңгеден жоғары жалақы алатындардың көбі тау-кен өнеркәсібі (15,8%) саласының жұмысшылары болып шыққан.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медианалық мәні 157 863 теңгені, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 173 249 теңгені, ал орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 6,0 құрады.

Орташа білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 146 879 теңге, жоғары білімі бар мамандардікі – 281 509 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар азаматтардың жалақысы 365 625 теңгені құрады.

Қызметкерлердің жасына қарай жіктегенде, 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы 150 240 теңге, 25-28 жас аралығындағылар 189 051 теңге, 29-34 жас аралығындағылар 223 964  теңге, 35-44 жас аралығындағылар 247 825 теңге, 45-54 жас аралығындағылар 226 780 теңге, 55-64 жас аралығындағылар 211 395 теңге, 65-тен асқан азаматтар 237 661 теңге жалақы алған.

Ескерту: Зерттеуде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындар есепке алынбады.

-->